Дүйсенбі Павлодар облысында қатты жел соғады
Қазгидромет 17 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
- 17 сәуірде таңертен және күндіз Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі, - деді Қазгидрометте.
Облыста ауа температурасы күндіз +1 +3 °C, түнде -5 -7 °C болмақ.
Фото: Константин Шелков