Екібастұз ауылдық аймағында жеті жасар қыз жоғалды

Екібастұз ауылдық аймағында жеті жасар қыз жоғалды
Фото: «Vita» іздеу ұйымы

Қыр далада іздестіру жұмыстарын құтқарушылар, еріктілер, полицейлер жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Vita» іздеу ұйымының мәліметінше, 17 қарашада сағат 21:14-те төтенше жағдайлар бөліміне Қоянды ауылдық округінің Бесқауға ауылында қыр далада бала жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Жеті жасар Милана Давыдова Бесқауға ауылдық мектебінің үшінші сыныбында оқиды. Еріктілердің айтуынша, сол күні сағат 16:00-де қыздың анасы оны балаларымен бірге әкесінің жұмысына ертіп алмақшы болған, алайда Милана бас тартып, үйде қалып қойған.

Болжам бойынша жоғалған қызды 16:00-ден 17:00-ге дейін Бесқауғадан 1,5 шақырым жерде орналасқан №2 бөлімшенің қасында байқаған. Ол жерде жеті үй бар.

–  Кеше шұғыл түрде іздестіру шаралар ұйымдастырылды: қыз баланы іздеуге ТЖД, құқық қорғау органдары, жергілікті тұрғындар және біздің жасақтың еріктілері шықты,– делінген хабарламада.

Қыз бала әлі де табылмады. Еріктілер қандай да бір ақпарат болған жағдайда, оларға хабарласуды сұрайды 8 (747) 615- 55 -63 Катерина, 8 (705) 722- 45- 83 Мика.

Милана сары күртеше киініп шықты, шашы ақшыл сары түсті.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 16 сәуірінде сағат Екібастұз қаласына қарасты Бесқауға ауылында ерлі-зайыптылардың мал іздеуге кеткен еді. Екеуі автокөлікті жолдың жиегіне қалдырып, қайтадан көліктің жанында кездесетін болып келісіп, әртүрлі бағытта жаяу кеткен. Күйеуі көлікке оралғанда жұбайы болмаған. Әйел адамды еріктілер мен құқық қорғау органдары үш күн іздеген. Ал 19 сәуір күні жергілікті тұрғындар жоғалған әйелдің денесін тапқан.