Екібастұзда әже өртенген үйде қалып қала жаздады

Екібастұзда әже өртенген үйде қалып қала жаздады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полицейлердің батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Polisia.kz ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, оқиға 7 қыркүйек күні таңертең орын алды. Полицейлер патрульдеу барысында Юбилейная көшесіндегі жеке үйден қою түтін шығып жатқанын байқады. 

– Шұғыл қызметтерді шақырып, аулаға жүгіріп кірдік, тұрғындар заттарын шығарып жатқан. Біз де көмектесіп, үйде өздігінен төмен түсе алмайтын 86 жастағы әженің қалғанын білдік. Әріптесім  Абзал Тоқтасыновпен бірге екінші қабатқа көтеріліп, әжені көтеріп алып шықтық. Сыртта жедел жәрдем дәрігерлері күтіп тұрды, біз әжені дәрігерлерге тапсырдық, олар алғашқы көмекті көрсетті. Көп ұзамай өрт сөндірушілер келіп, өртті оқшаулау мен сөндіруге кірісті, – деді Павлодар қаласының полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының инспекторы Ермұрат Қажығали.

Алдын ала мамандардың нұсқасы бойынша өрттің шығуына зақымдалған оқшаулауы бар электр сымдары мен кабельдерді пайдалану себеп болған.

– Бізге уақытылы, жедел және кәсіби көмек көрсеткен полицейлерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Әжемізді құтқарғандарыңызға рақмет, – дейді алғыс білдірген екібастұздықтар.

Көмек көрсеткеннен кейін полицейлер қызметтік міндеттерін атқаруға қайта кірісті.