Екібастұзда жас жігіт вагондардың арасында басылып қалып, көз жұмды
Жазатайым оқиғаны полиция тергеп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық еңбек басқармасының мәліметінше, сәуірдің басында МАЭС-1 жұмыс берушіден 22 жастағы пойыз құрастырушысының алдын ала болжам бойынша вагондар арасында басылып қалып, қайтыс болғаны туралы хабарлама келді. Басқарма мамандары жас жігіттің жұмыс кезінде нақты қалай қайтыс болғанын анықтайды. Облыстық полиция департаментінде де тергеу басталды.
– Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды,– деді департаменттің баспасөз қызметінде.
Сараптама және еңбек инспекциясының қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады.