Екібастұздық оқушылар Желтоқсан оқиғасы туралы қойылым көрсетті

Екібастұздық оқушылар Желтоқсан оқиғасы туралы қойылым көрсетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындар азаттық жолында құрбан болған батырларымызды еске алып, тәуелсіз ел болудың маңыздылығы туралы терең ой түйді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Өнер» қалалық мәдениет сарайының ұйымдастыруымен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, ел азаматы Күлия Мұсабекқызымен кездесу кеші өтті.

«Тәуелсіздік – тұғырым» атты танымды шарада Күлия Мұсабекқызы  Желтоқсан көтерілісінің маңызы, сол бір қилы кезеңдегі оқиғалар, тәуелсіздіктің құны мен бүгінгі ұрпаққа аманат етілетін қасиетті құндылықтар жайында әсерлі әңгіме өрбітті.

Кеш екібастұздық оқушылар қойған кішігірім қойылыммен жалғасты. Көрермендеп азаттық жолында құрбан болған батырларымызды еске алып, тәуелсіз ел болудың маңыздылығы туралы терең ой түйді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай игі шаралар жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихымызды қастерлеуге баулиды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "ӨНЕР" ҚМС (@oner.ekb)