Екібастұзда жанып жатқан қамыс сөндірілді
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 сәуір күні «101» қызметінің оператор пультіне Екібастұз қаласының шетінде бір гектар аумақта қамыстың жанғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды жедел түрде ауыздықтады.
Павлодар облысының ТЖД өңір тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.