Павлодарлықтарды кезекті сенбілік жәрмеңкеде арзан бағамен азық-түлік алуға шақырады

Төрт ауданның тауар өндірушілері өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2 тамызда Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысындағы Торговая көшесі, 2А құрылысы бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.
Сиыр етінің бір келісі 2300 теңге, жылқы еті – 2300-2500 теңге, қой еті – 1900-2100 теңге, бал – 2000-2500 теңге, бірінші категориялы жұмыртқа – 480 теңге, бір литр шикі сүт 250 теңгеден тиімді бағамен тауар сатып алуға болады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Saryarqa» фермерлік базары, сондай-ақ облыстың 10 аудандарында ұйымдастырылады.