Ертіс бассейндік кеңесінде өзеннің экологиялық жағдайы талқыланды

Ертіс бассейндік кеңесінде өзеннің экологиялық жағдайы талқыланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кеңес отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану және заңсыз су айналымымен күрес мәселелері қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

5 наурыз күнө өңірлік даму орталығының алаңында Ертіс бассейндік кеңесінің 22-отырысы өтті. Жиынға Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Күн тәртібінде Ертіс өзенінің экологиялық жағдайы, суды қайта және айналымды пайдалану жүйелерін енгізу, су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу, сондай-ақ судың «қара нарығы» мен су нысандарын санациялау мәселелері талқыланды.

– Кеңес барысында судың заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар Семей мен Курчатов қалаларындағы кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту мәселелері қарастырылды, – деді ұйымдастырушылар.

Павлодар облысының Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы Шығыс Қазақстан және Абай облыстары аумағындағы Ертіс өзенінің арнасын тазарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты.

Талқылау нәтижесінде әр өңірге тиісті ұсынымдар берілді.