«Ертіс орманында» балапандарымен бірге жүзген аққу камераға түсіп қалды

Сыбырлақ аққуы мамықтай балапандарымен бірге баяу жүзіп жүргенін байқауға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Табиғи резерваттың тыныш су айдындарының бірінде камералар сирек кездесетін көріністі түсіріп үлгерген.
– Бұл көрікті құстар — тазалықтың, адалдықтың белгісі. Осындай сәттер – табиғаттың нәзіктігі мен сұлулығын еске салатын құнды естеліктер, – дейді резерватта.
Орманшылар Баянауыл ұлттық саябағын патрульдеу барысында Қызыл кітапқа енген құстардың қауіпсіздігін де басты назарға алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сыбырлақ аққулар ірі денелі, салмағы 14 келіге дейін болады. Ақтүсті құстың тұмсығы – қызыл, оның үстінде қара шор байқалады. Жас құстар қоңыр-сұр түсті келеді. Жүзгенде мойнын латынның S әрпі түрінде иіп ұстайды. Ұшып бара жатқанда алыстан қанаттарының ырғақты сусылдаған дыбысы естіледі. Сонысымен сұңқылдақ аққудан ерекшеленеді. Бес-жеті жұмыртқа салады. Өсімдіктердің суасты бөлімдерімен қоректенеді. Каспий теңізінде қыстайды.
Видео: «Ертіс орманы» резерватының парақшасынан алынды