Ертіс жағалауында көше музыканттарына арналған жаңа шағын сахна пайда болды

Ертіс жағалауында көше музыканттарына арналған жаңа шағын сахна пайда болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл идеяны шығармашыл жастар ұсынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала күні қарсаңында облыс әкімінің қолдауының арқасында жоба сәтті жүзеге асты.

–  Сахна заманауи үлгіде, этно-стильде, Мемлекеттік Тудың элементтерімен безендірілді. Бұл ұлттық дәстүрге құрмет пен шығармашылық рухты бейнелейді, – деді қала әкімі Хасар Хабылбеков.

Ол бұл жерде жүрекке жылы әндер шырқалып, тың идеялар туып, қаламыздың ерекше рухани орындарының біріне айналатынына сенім білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)