Ертіс ауданында еркін күрестен республикалық турнир өтті
Жарыс аты аңызға арналған еркін күрес шеберлерін еске алуға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ертіс ауылында Әлмұхан мен Қайым Шәкіровті еске алуға арналған жасөспірімдер арасында еркін күрестен республикалық турнир өтті.
Атамыш жарыста Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарынан келген 250-ден астам спортшы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша Нұрбек Қанат, Бекзат Акижанов, Әмір Серік, Айқын Сәбит, Дінмұханбет Бекім қола жүлдені иеленсе, күміс медаль Ақжол Қабақпай, Кемел Кажтай, Әділ Самарбек, Бейбарыс Серғазыға бұйырды. Ал Асхаб Хазаев, Нұртілек Асылханұлы, Диас Альмен, Бейбарыс Бауыржанұлы сынды спортшылар жарыстың жеңімпаздары атанды.