Германиядан Павлодар облысына үш жүзден аса сиыр әкелінді
Асыл тұқымды мал басын көбейту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
22 қарашада аймаққа Даниядан165 бас жоғары өнімділігі бар голштино-фриз тұқымдас ірі қара малдың алғашқы партиясы жеткізілді, ал 24 желтоқсанда екінші партия - 321 бас әкелінді.
Асыл тұқымды мал сатып алу Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін дамыту бағдарламасы аясында несиелеу арқылы жүзеге асырылды. Мал басы Павлодар ауданының «Andas Agro» ЖШС кәсіпорны сатып алды.
2025 жылғы наурыз айында шаруашылықта заманауи тауарлы сүт ферма пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы шаруашылыққа жалпы 486 бас голштино-фриз тұқымдас мал әкелінді.
Аталған жобаны жүзеге асыру сүт өндірісін арттыруға мүмкіндік беріп, оның тұрақты дамуына септігін тигізеді.