«Халық қатысатын бюджет»: Павлодар облысының тұрғындары қанша жобаны іске асырды?
Ақсу мен Екібастұз қалалары ұсынған жобалар саны аз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук мәлім етті.
– Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылысы 1,3 миллиард теңге сомасына 95 жоба іске асырылды. Павлодар қаласында – 89, Ақсу мен Екібастұзда үш жоба келіп түсті, – деді басқарма басшысы. – Олардың көбі спорт алаңдарын орнату, көшелерді абаттандыру және жарықтандыруға бағытталған.
Ирина Назарчуктың айтуынша, бағдарламаны енгізген кезде басында тұрғындар жаяу жүргіншілер аймақтарын, спорт алаңдарын ұсынған.
– Үш жылдың ішінде Павлодар қаласында өтінімдердің саны 20-25-тен 80-ге дейін өсті. Ал Ақсу мен Екібастұзда 10 өтініш келіп түссе, оның екі-үшеуі ғана орындалады. Бұл халықтың аз ақпараттандырумен байланысты болып жатқан жағдай. Адамдарға хабар таратылмағандықтан, сәйкесінше өтінім саны да бір орында қалып қойып, өспейді, – деді Ирина Назарчук.
Оның сөзінше, облыс тұрғындары 2024 жылдың 20 қаңтарынан 1 наурызына дейін 2025 жылға арналған қалалық бюджеттерді қалыптастыруға қатыса алады.
– Қалалық сараптамалық кеңестер бюджет заңнамасының нормаларына сәйкес келетін жобаларды іріктейді. Оны сәулет бөлімімен бірге қарастырып, жер бұл жобаға қолайлы ма, жеке меншікке тиесілі ме екенін тексереді. Содан кейін жобаны тұрғындардың дауыс беруіне ұсынады. Әр тұрғын өзіне ұнайтын жобаға дауыс бере алады, – деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, 2020 жылдан бастап мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының жалпы республикалық бірыңғай платформасында іске асырылатын «Халыққа қатысу бюджеті» енгізілген болатын.