Хасар Хабылбеков: Қаламызды көркейтуге бар күш-жігерімді саламын

Хасар  Хабылбеков: Қаламызды көркейтуге бар күш-жігерімді саламын

Павлодар қаласының жаңа әкімі тұрғындарға ашық екенін жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыс орталығының әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды.

- Бүгіннен бастап мен Павлодар қаласының әкімі қызметіне кірісемін. Сенім білдіргендері үшін аймақ басшысы Асайын Байханов пен қалалық мәслихат депутаттарына алғысымды білдіремін және артқан сенімдерін ақтауға, туған әрі сүйікті қаламызды көркейту үшін бар күш-жігерімді салуға уәде беремін, - деп жазды ол.

Шаһар басшысы облыс орталығы тұрғындарға жайлы болуы үшін қалалық ортаны дамытуға тырысатынын жеткізді.

- Әріптестеріммен бірлесіп, барлық қалалық қызметтер мен мемлекеттік органдар тарапынан қажырлы еңбекті талап ететін көптеген мәселелерді шешуіміз керек. Мен Павлодар қаласының тұрғындарымен ашық әрі тұрақты байланыста болуға және қалалық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге тырысамын. Сіздерді толғандыратын сауалдар мен ұсыныстарды Instagram әлеуметтік желісіндегі менің @khassarhabylbekov парақшасына жаза аласыздар, - деді жазбасында. 

Барлық өтініштер өзінің жеке бақылауынба болатынын айтты.