Май ауданында ер адам жоғалып кетті

Бағдарынан жаңылған тұрғын Баскөл ауылында тұрған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Vita еріктілерінің мәліметінше, 41 жастағы тұрғын Мұрат Сыздықов 12 қаңтарда сағат 11:00 шамасында Баскөл ауылында орналасқан «Сартай» шаруа қожалығынан шығып кетті. Содан бері оның орналасқан жері белгісіз.
Ер адам капюшоны бар қара куртка, қара шалбар, қара етік, сұр шапка киген. Бойы – шамамен 165 см, көзі – қоңыр, шашы – қара, басы мен артында күйік бар.
Егер де оны көрген адамдар болса, еріктілердің +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша дереу хабарласа алады.
Еске сала кетейік, 21 ақпан күні жоғалып кеткен павлодарлық Асұлан Нұрмағамбетовтің мәйіті табылып, кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram