Орманшы мен мұғалім: Павлодар облысында жаңа мәслихат депутаттары сайланды

Орманшы мен мұғалім: Павлодар облысында жаңа мәслихат депутаттары сайланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сайлау екі қала мен алты ауданда өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 31 наурызда өткен сайлаудың қорытындысын шығарды.

Сайлау қорытындысына сәйкес № 8 және № 14  бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары болып сайланды:

№ 8 сайлау округіне – Екібастұз қаласының «Қазақ күресі федерациясы» ҚБ президенті 60 жастағы Орынбасар Алеев. Ол үшін 8025 дауыс берілді.

№ 14 сайлау округіне – «АMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы 48 жастағы Айгүл Маликова. Ол 11 501 дауыс жинады.

Павлодар қаласында № 2 және № 22 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша келесі депутаттар сайланды:

№ 2 сайлау округіне – 1673 дауыспен «Бейбарс» жекпе-жек өнері орталығының басшысы 34 жастағы Болат Сулейменов;

№ 22 сайлау округіне – 1418 дауыс жинап «Қазақстан алюминийі» АҚ персонал және мәдениет жөніндегі директоры 32 жастағы Жансая Альжанова.

Екібастұзда №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС Екібастұз пайдалану локомотив депосының бастығы қалалық мәслихат депутаты болып сайланды.

Аудандар бойынша келесі тұрғындар мәслихат депутаттары болып тағайындалды:

Баянауылда №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округіне – Баянауыл көпсалалық колледжінің басшысы Асылхан Мүбәрак;

Железин ауданында № 10 сайлау округіне – «Объединенная сырьевая компания» ЖШС коммеррциялық директоры Евгений Миронов;

Ертіс ауданында №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округіне –№2 Ертіс мектебінің директоры Айнұр Сәрсенова;

Павлодар ауданының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округіне – Черноярка мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Нұржан Марсалыков;

Успен ауданында № 4 сайлау округіне – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ ПОФ әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі аудандық бөлімінің басшысы Сәуле Смағұлова;

Шарбақты ауданында № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округіне – «Ертіс орманы» резерватының орманшысы Ерболат Қарманов.