Павлодар ауданында Наурыз кең көлемде аталып өтті

Павлодар ауданында Наурыз кең көлемде аталып өтті
Фото: аудан әкімдігі

Луганск ауылы көктемнің жаңаруын, береке мен бірлікті дәріптейтін мерекелік думанның орталығына айналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Іс-шара мазмұнды әрі әртүрлі бағдарламамен ерекшеленді.

Қонақтарға жергілікті өндірушілердің өнімдері ұсынылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі, цифрлық технологиялар мен қолданбалы өнер көрмелері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазақша күрес, асық ату, садақ ату және армрестлинг сияқты ұлттық ойындар көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Балаларға арналған арнайы ойын алаңы дайындалып, Иса Байзақов атындағы облыстық филармония әртістері мен аудандық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерт мерекенің сәнін келтірді.

Қонақтарға Наурыз көже мен бауырсақ ұсынылып, ұлттық дастархан жайылды.

Луганск ауылындағы Наурыз мерекесі ұлттық дәстүрлердің сабақтастығын, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтудың жарқын көрінісіне айналды.