Павлодар облысында алдағы аптада аяз сақталады
Ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 27 қаңтарда түнде сынап бағанасы -28…-33 °C-қа дейін төмендейді, облыстың оңтүстігінде -22°C, күндіз -20…-25°C-ты көрсетеді.
28 қаңтарда жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -28…-33°C, оңтүстікте -22 °C, күндіз -15…-20 °C-қа дейін төмендейді.
29 қаңтарда да күн ашық болады. Сынап бағанасы түнде -28…-33°C, облыстың оңтүстігінде -22°C-ты, күндіз -15…-20°C-ты көрсетеді. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метрге дейін соғады.
30 қаңтарда түнде -20…-25 °C, облыстың шығысында -28 °C-қа дейін суытады, ал күндіз -13…-18°C болады.
31 қаңтарда қар жаумайды. Ауа температурасы түнде -18…-23 °C, күндіз -10…-15 °C болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге дейін жетеді.