Павлодар облысында алдағы аптада аяздың беті қайтпайды
Қар мен боран күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, апта басында жауын-шашынсыз болғанымен, қатты аяз сақталады.
20–21 қаңтар күндері қар мен боран күтіледі, тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -20…-25°С, күндіз -12…-20°С шамасында болады.
22–23 қаңтарда облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран және тұман болжануда. Түнде сынап бағанасы -33°С-қа дейін түсіп, күндіз -18…-28°С-ты көрсетеді.