Павлодар облысында аяз бәсеңдейді

Павлодар облысында аяз бәсеңдейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Қазгидромет» мекемесінің болжамынша, жел негізінен оңтүстіктен соғып, жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі 

3 наурызда облыстың батысы мен солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Өңірдің қалған бөлігінде тұман болады. Түнде ауа температурасы -10…-15 градус, облыстың шығысында -18 градусқа дейін төмендейді. Күндіз -5…-10, шығысында -13 градус болады.

4 наурызда жауын-шашын сақталады. Ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, түнде -5…-10, күндіз -2…-7 градусқа жетеді.

5 наурызда түнде облыстың басым бөлігінде қайтадан қар мен жаяу бұрқасын болжанады. Түнгі температура өзгермейді, ал күндіз айтарлықтай жылып, 0…-5 градус болады.

6 наурызда жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ күтіледі. Түнде -3…-8, күндіз 0…-5 градус болады. Облыстың көп бөлігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Аяужан Жетес.