Павлодар облысында айыппұлдарды қосарлы төлеу фактілері анықталды

Қадағалау органы аталған мәселені ерекше бақылауға алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, тексеру кезінде айыппұлдарды қосарлы төлеу фактілерінің жолын кесті.
– Өңірдегі жеке сот орындаушылары облыс тұрғындарынан қате ұсталған 85 атқару өндірісі бойынша екі миллион теңгеге жуық ақшаны қайтарды, – деді хабарламада.
Басқарма қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында мәжбүрлеп өндіруге бағытталған әкімшілік айыппұлдарды қосарлы төлеу фактілерінің орын алғанын анықтады.
Мәселен, банктегі арызы арқылы (СӨСҚ-на хабарламастан) өз бетінше әкімшілік айыппұл төлеген Павлодар қаласының тұрғыны – борышкердің банктік шотынан тағы да 36 920 теңге ұсталған. Осылайша бір айыппұл екі рет төленді. Қадағалау органы бұл мәселені ерекше бақылауға алып, мұндай фактілердің қайталанбауы үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Айта кету керек, мемлекеттік статистикалық есептіліктің дұрыстығын қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бірінші кезектегі міндеті болып табылады.