Павлодар облысында Мамыр мерекелері қалай атап өтіледі?

Аймақ басшысы Асайын Байхановтың қатысуымен өткен аппараттық жиналыста мамыр айында өтетін іс-шаралар таныстырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыста Қазақстан халқының бірлігі күніне, Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған бірқатар мазмұнды және патриоттықіс-шаралар жоспарланған.
– Басқарма қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, 70-тен астам түрлі форматтағы іс-шараны қамтитын бірыңғай облыстық іс-шаралар жоспарын бекітті, – дейді облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бастығы Әлнұр Сейдуманов. – Аталған іс-шаралар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтеді.
Мысалы, ағымдағы жылдың 1 мамырындареспубликалық және облыстық Бірлік жарысын өткізу жоспарланған. Астана қаласында өтетін республикалық жарысқа өңіріміздің 30 спортшы қатысады.
Сондай-ақ облыстық Бірлік жарысы 1 мамырда таңғы сағат 10-да Усолкашағын ауданындағы «Ертіс»шаңғы базасының аумағында басталады, оған алдын ала 500-ден астам адам қатысады. Жалпы еліміз бойынша 20 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.
1 мамырда Павлодар қаласында төменгі жағалауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік шеру ұйымдастырылады, оған этномәдени бірлестіктер, Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің, жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары, қалалар мен аудандардан делегациялар қатысады.
Этномәдени бірлестіктердің сәндік-қолданбалы шеберлігі көрмелерімен бірыңғай тақырыптық стильде жартылай киіз үйлер (кереге) орнатылады.
26 сәуір - 1 мамыр аралығында әлеуметтік желілерде «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» челленджі, бейнеқұттықтаулар, этностар арасындағы достық туралы бейнероликтер іске қосылады.
– 7 мамыр күні сағат 11.00-де Отан қорғаушылар күніне орай «Ertis Рromenade»сахнасында, Екібастұз, Ақсу қалаларының LED экрандарында Астанада өтетін «Қазақ елі» мерекелік, республикалық әскери шерудің көрсетілімі өтеді. Біздің облыстан әскери шеруге 15 адамнан тұратын делегация барады, – деді ол.
Мереке күндері жыл сайынғы «Үлкенге құрмет» акциясы аясында жастар тыл еңбеккерлерінің кездесу кештерін, ардагерлердің үйлеріне баруды, аулаларды тазалауға көмек көрсетуді, сондай-ақ азық-түлік себеттерін таратуды және тағы да басқаіс-шараларды ұйымдастырады.