Павлодар облысында суға батып бара жатқан баланы құтқарғаны ер адам марапатталды
Марапат Ақтоғай ауданының тұрғыны Марат Жүсіпбековке табысталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Суға батып бара жатқан адамды құтқарғаны үшін 33 жастағы ақтоғайлық «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен жәнп Алғыс хатпен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Еске салайық, оқиға 1 тамыз күні Ақтоғай ауылындағы жағажайда 14 жастағы жасөспірім құрбыларының ортасында ересектерсіз болған. Баланың суға бата бастағанын көрген Марат Жүсіпбеков бірден көмекке ұмтылып, оны жағаға шығарған.
Ал Ақтоғай ауданының әкімдігі ер азаматты ерлігі үшін марапаттауға сөз берді.