Павлодар облысында тұрмыстық қылмыстар азайғанымен зорлық-зомбылық әлі де бар

Павлодар облысында тұрмыстық қылмыстар азайғанымен зорлық-зомбылық әлі де бар
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Былтыр облыста 140-қа жуық тұрмыстық қылмыс тіркелген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев мәлімдеді.

- Әйелдер мен балалардың, соның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықтарын қорғау мәселесі әркез ішкі істер органдарының назарында. 2025 жылы тұрмыстық қылмыстар саны азайды. Мәселен, 2024 жылы 144 қылмыс тіркелсе, былтыр ол көрсеткіш 133-ке дейін төмендеді, - дейді Азамат Күркебаев.

Алайда отбасылық-тұрмыстық жанжалдар кезіндегі адам өлімі алдыңғы жылмен салыстырғанда артқан. Статистиканың өсуіне 2 кісі өлтіруге оқталу қылмысы әсер еткен. Оның біріншісі – 2 Павлодар ауданында өз перзенттерін терезеден лақтырған ананың ісі болса, екіншісі – ер адамның бірге тұрған әйелге жасаған қасақана қылмысы. 

Спикер өткен жылы денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 4 фактіге артқанын да атап өтті. Яғни 2024 жылы 27 қылмыс тіркелсе, өткен жылы ол 31-ге жеткен. 

- Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың орын алуына басты себептердің бірі алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну болып отыр. Талдау нәтижелері көрсеткендей, алкогольдік ішімдіктерді ішу және қызғаныш пен әлеуметтік наразылық негізінде кенеттен туындаған жанжал кезінде 60 қылмыс жасалған, - деді ол.

Тәртіп сақшысы 2025 жылы орын алған 133 қылмыстың ішінде жұмыссыздар 77 қылмыс жасаса, бұрын сотталғандардың қатысуымен болған 4 қылмыс тіркелгенін атап өтті.

- Бұл қылмыс өткен жылдың тамызында жасалды. Онда 2 ағайынды алкогольдік ішімдіктерді ішіп отырып, өзара сөзге келіп, жанжал туындайды. Профилактикалық есепте тұрған ағайындылардың бірі жәбірленушінің кеуде тұсына бірнеше рет соққы береді. Соның салдарынан жәбірленуші ауруханада қайтыс болды, - деп нақтылады Азамат Күркебаев.

Өткен жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекетттері үшін 4579 құқық бұзушы әкімшілк жауапкершілікке тартылған. Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласында құқықбұзушылыққа жол бермеген 4600 адамға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылған.

Тәртіп сақшыларының өтініші бойынша сот құқық бұзушының мінез-құлқына 1096 ерекше талап қойды, оның ішінде 1091 адамға алкогольдік ішімдікті ішуге тыйым салды.