Павлодар облысында әйелдер көбінесе қай салада жұмыс істейді?

Бұл көрсеткіштер республиканың барлық өңірлерінде салыстырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Finprom.kz деректеріне сүйенсек, жұмыс істейтін қазақстандықтардың 9 миллионнан астамының 48,3 пайызы – әйелдер. Биылғы жылдың үш айында бұл көрсеткіш 1,3 пайызға өскен.
Ең көп жұмыс істейтін әйелдер Алматыда – 550 мыңнан астам, ал ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында – шамамен 40 мың. Павлодар облысында 191 мыңнан астам әйел еңбек етеді. Бұл көрсеткіш бойынша өңір Қарағанды облысынан кейін екінші орында, алайда Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Абай облыстарынан алда тұр.
Қазақстанның 20 өңірінің 16-сында жұмыс істейтін ерлер саны әйелдерден көп. Ең үлкен айырмашылық Ұлытау облысында байқалды – мұнда ерлердің үлесі әйелдерден 30 пайызға жоғары.
– Ең төмен гендерлік алшақтық Павлодар облысында тіркелді: мұнда еңбек ететін ерлер саны – 193,5 мың, айырмашылық небары 1,3 пайызды құрады, – деп мәлімдеді мониторинг агенттігінде.
Айта кетейік, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Атырау облысында әйелдердің жұмыспен қамтылу деңгейі ерлерден жоғары болды.
Әйелдер көбінесе білім беру, көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу, сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді.