Павлодар облысының полицейлері ҚР ІІМ чемпионатында жүлдегер атанды
Дзюдодан өткен чемпионат «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Қанағат Ыдырышев пен Еркебұлан Егінбаев жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Қанағат Ыдырышев 73 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алса, 100 келіде Еркебұлан Егінбаев қола жүлдегер атанды.
– Біздің спорттағы жетістіктеріміз – тынымсыз еңбектің нәтижесі. Бізге қолдау көрсетіп, дамуға үлес қосқан жаттықтырушыларымызға алғыс айтамыз. Алдағы уақытта да жақсы нәтиже көрсетіп, құқық қорғау органдарының абыройын асқақтатуға тырысамыз, – деді Еркебұлан Егінбаев.
Спортшылар өңірлік басшылыққа қолдау үшін алғыс білдірді.