Павлодар облысының бірінші ауысым оқушылары үйде қалады

Павлодар облысының бірінші ауысым оқушылары үйде қалады
Фото: Константин Шелков

Сабақтар онлайн форматқа ауыстырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық 109 бірыңғай байланыс орталығының мәліметінше, 22 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодарда бірінші ауысымның 0-11-сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттері қашықтан оқитын болады. Ал Екібастұзда тек 0-4 - сынып оқушылары үйде қалады. Ақсуда 0-9 - сынып оқушылары онлайн форматта білім алатын болады.