Павлодар облысының департамент басшысы ҚР Президентінің қолынан марапат алды
Ол қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін наградталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерік Есенов марапатталды. Сондай-ақ, «Айбын» ордені Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының кеңесшісі Азамат Байшолақовқа табысталды.
42 жастағы Ерік Есенов Павлодар облысындағы департаменттің басшысы болып 2024 жылы тағайындалған болатын.