Павлодар облысының жол трассасында екі жүргізуші қаза тапты
Бір жолаушы тірі қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 27 желтоқсан күні «Павлодар – Омбы» автожолының Бобровка ауылы маңында Тойота Vitz маркалы автокөліктің жүргізушісі көктайғақ жағдайында көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Хендай Акцент» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
Павлодар облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимін асырмауға, көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауға және ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.