Павлодар облысының әкімі Успен ауданының тұрғындарымен кездеседі
Кездесуде азаматтар тікелей әкімге сұрақтарын қоя алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Успен ауылының мәдениет үйінде облыс әкімі Асайын Байханов аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді тікелей әкімге айтып, сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болады.