Павлодар ЖЭО-1 жылыту маусымына дайындығын көрсетті

Павлодар ЖЭО-1-де ауқымды жөндеу науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Энергетикалық нысандар күзгі-қысқы кезеңге сенімді әрі берік қорымен қадам басып отыр. «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның құрамындағы ЖЭО-1 қызу дайындық үстінде.
– Бүгінде бізде төрт қазандық пен екі турбина жұмыс істеп тұр. Бұл толықтай қазіргі 70/50 кестесіне сәйкес келеді. Станция тұрақты режимде жұмыс істеп жатыр, алда маусымды қиындықсыз өткереміз, - дейді ЖЭО-1-дің операциялық директоры, бас инженері Дулат Сыздықов.
Станция қоймаларында қазірдің өзінде 150 мың тонна көмір мен бір мың тонна мазут бар. Бұл қор бізге ертеңге сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Көмір жеткізіліп жатыр, мазут та жеткілікті. Кез келген шыңдық жүктемелерге дайынбыз. Ерекше назар паропроводты жөндеуге аударылған.
– Станция тарихында алғаш рет мұндай ірі агрегатты жөндеуге шығардық. Паропровод – бүкіл жүйенің жүрегі. Қыста ол мінсіз жұмыс істеуі керек. Сондықтан оны дәл қазір жөндеу – стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім. Жөндеу бес күнге созылады, біз мерзімінен кешікпейміз, – деді Дулат Сыздықов.
Қазандық жабдықтарына қатысты станцияда қатаң циклдік тәртіп сақталады. Жыл сайын екі қазандық жөнделеді. Өткен жылы жетінші және сегізінші қазандықтар қалпына келтірілсе, одан бұрын төртінші мен екінші жөнделген. Қазір төрт қазандықтың кеңейтілген жөндеуі аяқталды, олар резервке қойылды. Бірінші мен үшінші қазандықтарда күрделі жөндеу жүріп жатыр. Әсіресе бірінші қазандыққа баса назар аударылып отыр.
Дулат Сыздықовтың айтуынша, ЖЭО-1 ерте басталатын жылыту маусымына да толық дайын. Өткен жылы қосылу 15 қыркүйекте басталған еді. Станция биыл да соған дайын. Қажет болса, әлеуметтік нысандарды бүгін-ақ қосып беруге мүмкіндік бар, ешқандай кедергі жоқ.
Қатты аяз жағдайында да икемді жұмыс сызбасы қарастырылған. Қатты суықта бесінші және алтыншы қазандықтар іске қосылады, жетінші қосымша жұмыс істейді, ал сегізінші резервте болады. Мұндай режим қалаға сенімді әрі үздіксіз жылу жеткізілуін қамтамасыз етеді.