Павлодардағы тағы бір аулада жаңа балалар алаңы орнатылады
Бұл да тұрғындардың өтініші негізінде іске асып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков абаттандыру мәселелері бойынша Луначарский көшесі, 49-үйдің тұрғындарымен кездесті.
– Үйге қатысты қажетті құжаттар толық рәсімделмеген. Басқарушы компания кондоминиумды тіркеуге өтініш береді. Осыдан кейін жер учаскесін рәсімдеу жұмыстары жүргізіледі, - деді қала әкімі.
Хасар Хабылбековке тұрғындар ауланы абаттандыру, балалар алаңын орнату және автотұрақ мәселесін шешу бойынша өтініш білдірген.
Шаһар басшысының айтуынша, қала аумағын абаттандыру жұмыстары аясында жаңа балалар алаңы биыл орнатылады. Автотұрақ мәселесін шешу үшін қалалық қызметтерге аумақты зерттеп, автотұрақ орналастыруға болатын орынды анықтауды тапсырды.