Павлодарда ірі шығармашылық ұжымдар бір сахнада өнер көрсетеді

Павлодарда ірі шығармашылық ұжымдар бір сахнада өнер көрсетеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар жергілікті композиторлардың туындыларын орындайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

21 ақпанда сағат 19:00-де И.Байзақов атындағы облыстық филармониясының залында «Алтын бесік – туған ел» атты шығармашылық ұжымдардың үлкен концерті өтеді. 

– Естай, Иманжүсіп, Майра, Жаяу Мұса, Исадан бастап, кейінгі дәуірдің жерлес авторларының туындыларын тыңдап, тамашалай аласыздар, – дейді ұйымдастырушылар. 

Бағдарламада ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Кәрімов жетекшілік ететін Р.Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, камералық хор, ҚР Мәдениет саласының үздігі, көркемдік жетекшілік ететін Мәдина Нұрғожинова «SAMIYAN» вокалдық тобы, «Ретро» вокалдық ансамблі, дәстүрлі әншілер, эстрада солистері және арнайы шақырылған қонақтар өнер көрсетеді.

Билеттерді филармонияның кассасынан немесе Ticketon.kz онлайн-сервисынан сатып алуға болады.  Байланыс телефон нөмірлері: 8 (7182) 22-80-87, +7-775-593-08-97.