Павлодар облысында ақпанның басы жауын-шашынсыз болады

Павлодар облысында ақпанның басы жауын-шашынсыз болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидромет РМК-ның мәліметінше, 4 ақпанда жауын-шашынсыз болады. Облыстың шығысында және орталығында тұман түседі. Сынап бағанасы түнде -8...-13°С, күндіз -5...-10°С көрсетеді. 

5 ақпанда күндіз облыстың оңтүстігінде аздап қар жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -10...-15°С, ал күндіз -6...-11°С болады. 

6 ақпанда жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде -17...-22°С, ал күндіз -13...-18°С-ты көрсетеді. 

7 ақпанда да күн ашық болады. Ауа температурасы түнде -20...-25°С, ал күндіз -15...-20°С-қа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.

Демалыс күндері жауын-шашын күтілмейді. Сенбіде және жексенбіде сынап бағанасы түнде -23...-28°С, ал күндіз сенбіде -15...-20 °С, жексенбіде -12...-17°С көрсетеді.