Павлодарда құтқарушылар есікті аша алмаған тұрғындарға көмек көрсетті

Павлодарда құтқарушылар есікті аша алмаған тұрғындарға көмек көрсетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі пәтерден қарт адамдарға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қамзин мен Айманов көшелерінде үш тізелі баспалдақ пен арнайы жабдықтың көмегімен мамандар екінші қабатқа көтеріліп, пәтерлерге терезе арқылы кірді. 

Құтқарушылар бір пәтерде 1968 жылы туған ер адамды, екіншісінде 1947 жылы туған әйелді тапты. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылды, – делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, іс-шаралар полиция мен туыстарының қатысуымен жүргізілді.