Павлодарда автокөлік салонынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны тәртіп сақшыларына «Тойота Харриер» маркалы автокөлігінің салонына заңсыз кіру жолымен ақша ұрлығын жасағанын айтқан.
– Жедел уәкілдер қабылданған шаралардың нәтижесінде күдіктіні анықтап, ұстады. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы тексерілуде, – деді облыстық полиция департаменті криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.
Полицейлер автокөлік ұрыларының құрбаны болмас үшін автокөліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дабыл орнатып, мүмкіндігінше күзетілетін автотұрақтарға қойып, құнды заттарды қалдырмауға кеңес береді.