Павлодарда бұрынғы әйелін қызғаныштан өлтірмекші болған ер адам сотталды

Павлодарда бұрынғы әйелін қызғаныштан өлтірмекші болған ер адам сотталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл мақсатта тұрғын киллерді жалдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіруді ұйымдастыру, көмектесу және өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚР ҚК-нің 28-б. 3-б., 28-б. 5-б., 24-б. 3-б., 99-б. 2-б., 7), 8) т.).

2024 жылдың басында ер адам бұрынғы әйеліне бақылау жасайтын адамды тауып беру үшін танысына жүгінген. Сыйақы сомасы 1 миллион теңгені құраған.

Оның танысы осы мақсаттағы жұмыс үшін кісі өлтіретін адамды тапқан. Кейіннен ер адам бұрынғы әйелін қызғаныш пен мүліктік мәселеге байланысты өлтіру үшін танысы арқылы киллерді жалдаған. Сыйақы 3 миллион теңгені құраған.

2024 жылғы 18 маусымда таңертең киллер Павлодар қаласы Баратбаев көшесінің бойымен жүріп келе жатқан әйелді күтіп тұрып, оны артынан қуып жетіп, қолындағы пышақпен оның кеудесіне және бетіне бірнеше рет пышақ сұғып алған. Алайда, бұрылыстан көліктің шығуына байланысты ұсталып қалудан қорқып, киллер қылмыс орнынан қашып кеткен.

Уақытылы медициналық көмек көрсетудің арқасында әйел тірі қалды.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Жәбірленуші тарап ең жоғарғы жаза тағайындауды сұрады.

Ер адам мен оның танысы кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады. Ал киллер өзінің әрекетін қарақшылық ретінде қайта саралауды сұрады.

Жаза тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын және жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың бар болуын: жағымды сипатталуын, кейбір сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының болуын және қылмыстық жауапкершілікке бірінші рет тартылуын ескерді.

ҚК 56 және 55-б. 2-б. сәйкес, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде адам өлтіруге оқталу бойынша жаза, ең жоғары мерзімінің ¾ бөлігінен, яғни 11 жыл 3 айдан аспауы керек.

– Сот әрбір кінәліге 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен тағайындады, – деді Павлодар облысы ҚІЖМА сотында. 

Сондай-ақ олардан жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 8,8 миллион теңгені құрайтын моральдік шығын мен өкілдің қызметі үшін өтемақы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.