Павлодарда балаға зорлық-зомбылық көрсетілген жағдайда әрекет ету алгоритмі айтылды

Павлодарда балаға зорлық-зомбылық көрсетілген жағдайда әрекет ету алгоритмі айтылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс балалары арасында құқық қорғау қызметкерлеріне деген сенімділік көрсеткіші жоғары, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлемісованың сөзінше, жыл басынан бері балаларға қатысты 68 құқық бұзушылық фактілері тіркелгендігін алға тартты.

– Егер де сіз балаға жасалған зорлық-зомбылықтың куәгері болсаңыз, қасынан жай өтіп кетпеу керек. Бірден 102 телефон нөміріне, кейін 103-ке хабарласу қажет. Сонымен қатар барлық қызметкерлер келгенше, баланың қасынан кетпеген жөн. Мүмкіндігінше оқиғаны ұялы телефонға түсіріп алса да болады, – деді Арай Төлемісова.

Жуырда полиция департаменті және аймақтық психологиялық көмек көрсету орталығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Оның аясында зәбір көрген балаларға тегін психологиялық және құқықтық консультация ала алады. 

Балаларға физикалық тұрғыдан қауіп төнген кезде, адамдар физикалық күшке жүгіне алады. Бұл үшін ешқандай құқықтық жаза қолданылмайтының да атап өткен жөн.

Құқық қорғау қызметкерлері ата-аналарға балаларына өзін-өзі қорғау шараларын үйретуді ұсынды.