Павлодарда бірқатар лифт компаниялары қызмет көрсету бағасын негізсіз көтерген

Павлодарда бірқатар лифт компаниялары қызмет көрсету бағасын негізсіз көтерген
Фото: Константин Шелков

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Бейбіт Молдабековтің мәліметінше, монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша тергеу жүргізу бойынша нарық субъектілері монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны анықталған жағдайда хабарламалар, ескертулер беру немесе айналымнан 3-5 пайыз айыппұл салу және монополиялық табысты тәркілеу арқылы тергеу жүргізу арқылы ден қою шаралары қабылданады.

Мәселен, нарықты талдау, сондай-ақ өтініштерді қарау қорытындысы бойынша департамент монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы бес хабарлама шығарған.  

– Ескерту шарасы ретінде жіберілген хабарламалар нарық субъектілеріне тергеу жүргізілгенге дейін бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын өз еркімен жоюға мүмкіндік берді. Нарық субъектілерінің монополияға қарсы органның хабарламаларын орындамауы тергеу қозғауға негіз болып табылады, – деді департамент басшысы. 

Департамент бес тергеуді аяқтаған. Солардың бірі –  Павлодар қаласының алты лифт компаниясына қатысты лифтілерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерге бағаларды белгілеу және қолдау бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісімдердің белгілері бойынша.

– Олар өзара келісіп, лифттерге қызмет көрсету бағасын бір уақытта көтеріп, белгілеген. Біздің жасаған талдауымыздың қорытындысы бойынша, бағаны көтеру үшін маңызды белгілер мен негіздер болған жоқ. Бұл картельдік келісушілік деп аталады. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Бейбіт Молдабеков. 

Оның айтуынша, департамент осындай тексеруді Екібастұз қаласында да жүргізіп жатыр. Онда мұндай бұзушылық бойынша тергеу басталған.

Ал «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы монополияға қарсы органның тауар нарығына кіруді шектеуге бағытталған бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілерін жою туралы хабарламасын мерзімінде орындамаған. Осыған байланысты департамент магистральдық желі Павлодар бөлімшесінің лауазымды тұлғасына қатысты тергеу жүргізді және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдады. Бұл ретте, бір миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік іс қозғалды және бұзушылықтарды тоқтату туралы нұсқама шығарылды.