Павлодарда дүкен қоймасынан өрт шықты

Павлодарда дүкен қоймасынан өрт шықты
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Төтеншеліктер тілсіз жаудың көпқабатты тұрғын үйге таралуына жол бермеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Облыс ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Сәтбаев көшесінде орналасқан дүкеннің қойма ғимаратындағы өртті сөндірді. Нысанның күрделілігі қойманың бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынуымен байланысты болды, - делінген хабарламада. 

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жиһаз жанған ошақты жедел оқшаулап, жалынның тұрғын үй қабатына таралуына жол бермеді. Кәсіби іс-қимылдардың арқасында өрт аумағы 8 шаршы метрмен шектелді.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.