Павлодарда демалыс күні үйдің балконы жанған
Пәтер иесі зардап шеккен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД мәліметінше, 30 шілдеде түнгі сағат 00:03-те Ломов көшесі, 41 мекенжайы бойынша бесінші қабатта балкон жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.
– Бір бөлмелі пәтерде 12 шаршы метр аумақта киім мен жиһаз жанғаны анықталды. 39 жастағы үйдің иесі №1 қалалық ауруханаға күйік бөлімшесіне жатқызылды, – делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге бес бірлік техника және 22 қызметкер жұмылдырылды.
Жарты сағаттан кейін 00:31 өрт сөндірілді. Үйдің 15 тұрғыны, оның ішінеде жеті бала өздері эвакуацияланды.
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті