Павлодарда дыбысты дабыл тексерілетін болады
ТЖД қызметкерелері электродабыл қосылған кезде тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
16 мамырда сағат 08:30-да облыстық ТЖД «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу шеңберінде электродабыл арқылы дыбыс дабылын беру көмегімен құлақтандыру жүйесіне тексерілу жүргізеді.
– Бұл дыбысты дабыл тұрғындар үшін «Барлығының назарына!» дегенді білдіреді. Дабыл түскен уақытта, тұрғындар теле-радио қабылдағыштарын қосып ықтимал немесе туындаған табиғи және техногендік сипатттағы төтенше жағдайлар туралы және басқа да маңызды ақпарат алуы мүмкін,– деді департаментте.
Павлодар облысы ТЖД коғаммен байланыс тобы тұрғындардан сабырлық сақтауды сұрайды.