Павлодарда екі баласын терезеден лақтырған әйел ауруханадан шығарылды

Оның жағдайы қанағаттанарлық деп танылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай,
– Пациенттің екі өкше сүйегіне, сол және оң жақ тоқпан жіліктеріне остеосинтез оталары жасалды. 26 тамызда қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Денсаулығына байланысты одан әрі бақылау үшін мамандандырылған мекемеге ауыстырылды, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 30 шілдеде Павлодарда 1991 жылы туған әйел екі баласымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Оқиға салдарынан барлығы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
2024 жылы туған сәби екі күн бойы дәрігерлердің күресіне қарамастан 1 тамыз күні көз жұмды. Оқиға бойынша «Адам өлтіруге оқталу» және «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің психиатриялық есепте тұрғаны анықталды.
14 тамызда жарақат алған 2017 жылғы бала ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап, бір жыл бойы оңалтудан өтетінін хабарлады. 7 жастағы балаға және оның әкесіне психологтар көмек көрсетуде. Бала әкесімен бірге ауылда қалатын болды.