Павлодарда электр энергиясына төлем қабылдау пункттері жұмыс істемейді

Павлодарда электр энергиясына төлем қабылдау пункттері жұмыс істемейді
Фото: @aopavlodarenergo

Төлемді онлайн түрде жасауға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сервистік орталықтар мен төлем қабылдау пункттерінде техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Төлем жасау үшін «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk) мобильді қосымшаларын, сондай-ақ «Astana Plat» ЖШС (kassa.24) төлем терминалдарын пайдалануға болады.

Жеке кәсіпкерлер компания қызметтеріне ақыны «Kaspi Bank» (Kaspi.kz) АҚ мобильді қосымшасы немесе Kaspi Pay мобильді қосымшасы арқылы банк деректемелері бойынша жүргізе алады.