Павлодарда ерекше жандар байқауға қатысады

«Кедергісіз келешек» қалалық ашық фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
7-25 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар қатыса алатын фестивальдің мақсаты – ерекше жандардың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беру, олардың талантын қоғамға таныту.
Номинациялар тізіміне музыкалық-орындаушылық өнер, вокал (соло, дуэт, ансамбль), би өнері, ансамбльдер, декоративті-қолданбалы өнерлер жатады. Ұйымдастырушылар талантты жастарды белсенді болуға және өз өнерін көпшілікке көрсетуге шақырады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 30 шілдеге дейін қабылданады. Ол үшін өтінім толтырып, 8 775 580 2803 телефон нөміріне хабарласу қажет.