Павлодарда кафенің төбесі өртенді

Павлодарда кафенің төбесі өртенді

Тілсіз жаудың шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 112 пультіне өрт туралы бүгін сағат 19:14-те хабарланған. 

- Павлодар қаласында Ломов көшесі, 165/1 мекенжайындағы "Fusion" кафесінде созылған төбенің жанып тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 9 қызметкер мен 2 өрт сөндіру техникасы шықты. Келгеннен кейін электр сымдарының қысқа тұйықталуы, түтіннің шамалы иісі болғандығы анықталды, - делінген хабарламада.

Келушілер өрт сөндірушілер келгенге дейін эвакуацияланған. Өрт сөндіру қызметі барлау жұмыстарын жүргізді.

"Fusion" кафесінде созылған төбенің астында қысқа тұйықталу орын алған. Кейін төбедегі ағаш құрастырмалар жанған.  Жалпы алаңы 1 шаршы метр жер өртенген.