Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің балконы жанды

Өрт 19 минут ішінде сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, сағат 12:44-те Н. Назарбаев даңғылында орналасқан үйдің үшінші қабатында балкон жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
– Өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен апаттар медицина орталығының қызметкерлері дереу сол жерге жетті. Оқиға орнында екі шаршы метр алаңда сыртқы қабырғаларына тірелген ағаш торлар мен пластикалық рамалар өртенгені анықталды, – деді департаментте.
Өрт сөндірушілердің күшімен жалынды от сағат 13:03-те сөндірілді.
Эвакуация қажет болмады. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.