Павлодарда оқушыға шабуылдаған ер адам іздестірілуде
Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға № 17 мектептің жанында болғанын жазуда, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, сыныптас ұлдар өзара күресіп жатқан. Сол кезде белгісіз автокөлік келіп, ер адам 12 жастағы баланың жағынан бір тартқан. Бұдан кейін көлікке отырып, кетіп қалған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде аталған факті Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелгенін растады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Ер адамның кім екені және оқиғаның мән-жайы анықталуда.