Павлодарда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді
Рәсімге облыс әкімі қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Мемлекеттік рәміздер алаңында облыс әкімі Асайын Байхановтың командасынан кейін ҚР Мемлекеттік Әнұранның сүйемелдеуімен Мемлекеттік ту көтерілді.
Салтанатты шараға 5512, 6679 әскери бөлімшелерінің сарбаздары, ТЖД қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жиналды. Сондай-ақ, туды көтеру рәсіміне қоғам белсенділері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
– Қадірменді павлодарлықтар! Сіздерді осындай үлкен, ұлы мерекемен құттықтаймын! Барлықтарыңызға денсаулық, бақ-береке мен ырыс, елдің тынышытығын тілеймін,– деп құттықтады қала тұрғыны Людмила Штыренкова.
Еске сала кетейік, қазақстандықтар 25 қазанда Республика күнін тойлайды. Мемлекеттік егемендік туралы декларация – 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат.