Павлодарда сегіз ай бұрын жоғалған ер адам әлі табылған жоқ

Ол ақпан айының ортасында жоғалып кеткен, содан бері оның қайда екені туралы ешқандай дерек түскен жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«VITA» еріктілер тобының мәліметінше, 48 жастағы қала тұрғыны Абылқайыр Орумбаевты іздеу жалғасуда.
Белгілі болғандай, ол соңғы рет Павлодардағы Қарағанды көшесі, 1 мекенжайы маңында көрінген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
– Жоғалған адамның белгілері: бойы шамамен 165 см, дене бітімі орташа, көзі ашық сұр, басы тақырланған. Үстінде қара күртеше, қара бас киім және қара кроссовка үлгісіндегі аяқ киім болған, – делінген хабарламада.
Еріктілер мен полиция тұрғындардан кез келген деректі хабарлауды сұрайды. Ақпарат иелері +7 777 334 82 01 (Катерина), +7 747 615 55 68 (Светлана) нөмірлеріне немесе 102 арқылы полицияға хабарласа алады.
Іздеу тобы павлодарлықтарды жоғалған азамат туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде бөлісіп, іздестіру шараларына көмектесуге шақырады.